ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген Қытайда өткен «Nalati Music фестиваліне» қатысты

Димаш Құдайберген Қытайда өткен «Nalati Music фестиваліне» қатысты

Dimash World Димаш Құдайберген Қытайда өткен «Nalati Music фестиваліне» қатысты

Димаш Құдайберген Қытайда өткен «Nalati Music фестиваліне» қатысты

Тянь-Шань етегіндегі Қытайдың Налати ауданы — Іле Қазақ автономиясының көркем аймағында 9 және 10 тамызда Nalati Music фестивалі өтті.
Фестивальдің финалында Димаш Құдайберген 40 минуттық бағдарламамен өнер көрсетті.

Жазғы кештің салқын ауасы мен Налатидің жасыл шалғындарының сұлулығы әртістердің энергиясымен және көрермендердің қошеметімен үйлесе кетті. Музыкалық фестиваль Қытайдың солтүстік-батысындағы 100 кереметтің тізіміне енген табиғи саябақтағы ерекше іс-шараның біріне айналды.

Тянь-Шань тауларының арасында әлемдік фьюжн музыкасы электронды және фольклорлық музыкамен үндесіп, әсем аспаптық нөмірлердің үні мен таң қалдыратын би нөмірлері жиналған қонақтардың көңілінен шығып, олардың қошеметіне ие болды.

Фестивальде Zheng Jun , Hao Yun , Jiubao Band, Call Me Mr Lyon, Nalati Band, Lost Train Band сынды қытайлық және шетелдік танымал музыканттар өнер көрсетті.

Фестивальде Қазақстан мен Қырғызстанның халық әртісі Димаш Құдайберген өз репертуарындағы әндерді қазақ, ағылшын және қытай тілдерінде орындап берді.
Димаш қытайлық көрермендерге жақсы таныс романтикалық сезімге толы «Autumn Strong», «Ұмытылмас Күн», «Махаббат бер маған», сондай-ақ, «Give Me Your Love» және «Тау ішінде» әндерін орындады.


ГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Димаштың Испаниядағы жанкүйерлері концерт қарсаңында қайырымдылыққа 3 000 еуро жинады

30 қазанда Мадридте өтетін Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында өнерпаздың испаниялық жанкүйерлері қайырымдылық бастамасын жүзеге асырды....

Димаш Құдайбергеннің жаңа турындағы авторлық әндері: Дюссельдорфта өткен DIMENSIONS шоуы

Польшада бастау алған Димаш Құдайбергеннің жаңа әлемдік концерттік туры Германияда жалғасты. 24 қазанда Дюссельдорф қаласындағы PSD BANK DOME аренасында...

Домбыра үнінен халық әндеріне дейін: Дюссельдорфта Dears жанкүйерлері бас қосты

Димаш Құдайберген Дюссельдорф қаласына келді. 24 қазанда PSD Bank Dome аренасында өнерпаздың DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы екінші концерті өтеді....

«Адам дауысының мүмкіндігі қаншалықты шексіз?»: Польша басылымдары Димаштың Краковтағы концерті туралы

18 қазанда Краков қаласындағы TAURON Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концерті DIMENSIONS әлемдік турының шымылдығын ашып, поляк...

Қанат пен Светлана Айтбаевтар Польшадағы Radio Dimash радиостанциясының қонағы болды

Димаш Құдайбергеннің жаңа DIMENSIONS әлемдік туры бастау алған Польшадағы алғашқы концертінен кейін өнер иесінің ата-анасы Қанат Айтбаев пен Светлана...