Димаш, «DimashAli» шығармашылық орталығының саунд-продюсері, аранжировщик – Ерлан Бекчуринді «Мәдениет саласының үздігі» марапатымен құттықтады, – деп хабарлайды DimashNews.
«DimashAli» шығармашылық орталығының саунд-продюсері Ерлан Бекчурин Орал қаласының тумасы.Батыс Қазақстан облысындағы «Құрманғазы» атындағы музыка колледжін тәмамдаған.
Димашпен ынтымақтастықтан басқа да танымал әншілермен жұмыс істейді.
Ерланның кәсіби қызмет жолының басым бөлігі «DimashAli» шығармашылық орталығымен байланысты. Ол Димаштың барлық шетелдік концерттерін сүйемелдейді. Қазақстандық әншінің барлық нөмірлері, онымен қоса музыкалық бенд команда Ерлан Бекчуриннің басшылығымен қойылады.
Бүгін Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай Ерлан Бекчурин «Мәдениет үздігі»төсбелгісімен марапатталды.
Димаш Құдайберген әріптесіне өз құттықтауын жолдады:
«Мен керемет талантты адамды, данышпан аранжировщикті, үлкен ағам Ерлан Бекчуринді осындай айтулы және құрметті марапатқа ие болуымен шын жүректен құттықтағым келеді. Біздің шығармашылық тандеміміз әрқашан берік болсын. Сізге барлық жағынан сәттілік! Әрі қарай да көптеген әдемі және таңғажайып әндер жасайық», – деді ол DimashNews-ке берген пікірінде.
«Мәдениет саласының үздігі» – ҚР мәдениет және спорт министрлігінің ведомствалық наградасы. Бұл төсбелгі еліміздің мәдениет саласының дамуына өз үлесін қосқан азаматтарға тағылады.
DimashNews Ерлан Бекчуринді марапатымен құттықтап, шығармашылық табыс тілейді.
Ақпаратты қолдану үшін dimashnews.com сайтына сілтеме жасалуы тиіс.