MTV USA-ға Димаш Құдайбергеннің сұхбаты шығады

1408

11 желтоқсан күні Нью-Йорк уақытымен 17:00-де (12 желтоқсан Нұр-сұлтан уақытымен 4:00-де) MTV USA  арнасында «MTV FRIDAY LIVESTREAM» бағдарламасында Димаштың сұхбаттың бірінші бөлімі шығады.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 2 қазанында MTV ресми YouTube-арнасында «Qairan Elim» композициясының премьерасы өткен болатын.

Премьера көрсетілген уақыттан бастап, «MTV FRIDAY LIVESTREAM» бағдарламасында әр жұма сайын кештің ең танымал орындаушылары үшін дауыс берілді. Әлемнің әр түпкіріндегі Dear-лардың белсенділігі арқасында Димаш сегіз апта бойы алғашқы бестікті берген жоқ.

Қазан айының ортасында «MTV FRIDAY LIVESTREAM» жүргізушісі Кеван Кенни Димашпен сұхбат туралы алдын ала хабарлама жасады. Аңдатпа 24 қарашада өтті. Бүгін сұхбаттың 11 желтоқсан Нью-Йорк уақытымен 17:00-де 12 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан уақытымен 4:00-де шығатыны белгілі болды.

Кеванға берген сұхбатында Димаш өзінің қазіргі жобалары туралы, көптен күткен алғашқы онлайн-концерт жөнінде айтады. Және тбасқа да тақырыптарда әңгімелеседі.

dimash.tixr.com. сайтынан «DIMASH DIGITAL SHOW» билеттерін сатып алыңыз.

 

Ақпаратты қолдану үшін dimashnews.com сайтына сілтеме жасалуы тиіс.