Маусым айының басында Грекияның танымал «Radio1 101FM» радиосында 30 минут көлемінде Димаштың әндері шырқалды. Аталған радиостанция қазақстандық орындаушының шығармашылығынан хабардар, жалпы, Димаштың әндерінің бұл толқында шырқалуы алғаш емес.
![]()
2019 жылдың қыркүйек айынан бері Димаштың фан-клубының қатысушылары өз елінің жергілікті радиостанцияларына Димаштың әндерін қосу мақсатында электронды хаттар жолдай бастады.
![]()
Димаштың шығармашылығымен танысқан Солтүстік Грекиядағы танымал радиолардың бірінің продюсері Анастасия Конуопидің ерекше әсер алғаны сол, әншінің әндерін күн сайын эфирге шығаратын болды.
![]()
Қазақстандық әншінің әндері радио толқынында естіле бастағаннан-ақ Анастасияға көптеген сезімге толы және таңданыстарын жасырмаған хаттар легі келе бастады. Ал «DQGreece» фан-клубының қатысушылар саны күн санап арта бастады. Грекиялық Dears-тің ендігі арманы – Одеон Герода Аттика сахнасында Афины қаласының ашық аспаны астында Димаштың концертін өткізу.