Димаштың Еуразиялық фан-клубы балалар оңалту орталығына оттегі концентраторын сыйлады

1230

Қыркүйектің 22 күні Димаштың Еуразиялық фан-клуб өкілдері Ақтөбедегі «Аяла» балаларды оңалту орталығына оттегі концентраторын жіберді. Бұл дәстүрге айналған қайырымдылық шарасының аясында жүзеге асты.  Шараға әлемнің 55 еліндегі Dear-лар үлес қосты.

Димаштың Еуразиялық фан-клубы тек мәдени шаралармен шектелмейді. Олар қайырымдылық шаралары, мұқтаж жандарға қолдау көрсету, қиындыққа тап болғандарға демеу беруге әрқашан дайын. Әсіресе балаларға көмек көрсету дәстүрге айналған іс. Мұндай ауқымды шаралар атаулы датаға орай атқарылады. Мәселен Димаштың туған күнінде, жаңа жыл немесе клубтың құрылған датасына орай.

2019 жылы Еуразия фан-клубы бірнеше акция ұйымдастырды. Апатты жағдай кезінде қос қолынан айырылған Дамир Фаткулинге қолдау көрсетілді. Димаштың  әлемнің әр түпкіріндегі жанкүйерлері мен ауызбіршілігі мол фан-клубтары 2 миллион теңге жинап, Дамирдің ата-анасына жіберді. Бұл қаражатты протез жасатып, оны алғанға дейінгі ем-домына жұмсау үшін берді.

Ғаламды дүрбелеңге салған коронавирус пандемиясы кезінде Димаштың Еуразиялық фан-клубының өкілдері балаларды қолдау шараларын қолға алды. Олар үнемі балаларға жылы сөз айтып, әркез бүлдіршіндердің көңілін көтеруге тырысатын сүйікті әншілеріне бас июдің өзі, қайырымды іске қосқан үлес деп біледі.

Димаштың туған жері Ақтөбеде «Аяла» деп аталатын балаларды оңалту орталығы бар. Онда туа бітті сал ауруына шалдыққан бөбектер мен 18 жасқа дейінгі осындай дертті балаларды қабылдайды. Заманауи, озық қажетті технологиялармен  жабдықталған. Арнайы мамандандырылған  орталықта балаға өз денесін ұстау, жүру және сөйлеу әдістерін үйретеді. Осы іске қажет аппараттармен жұмыс істейді. Көптеген ата-ананың үмітіне айналған қызметкерлер әр істі мұқият, жауапкершілікпен атқарады. Кәсіби мамандар әр баланың оңалып кетуі үшін күш салады.

Оларға қол ұшын беру үшін Еуразиялық фан-клубы алғашында әлемдегі қиын жағдайды ескере отырып, шағын ғана акция ұйымдастырмақ болды. Бірақ, әр елде бастаманы қолдағандар қатары көбейді. Нәтежиесінде орталыққа құрылғы алатын қаражат тез жиналды. Қазіргі күні медициналық мекемелерге ең алдымен оттегі концентраторы секілді аппараттар ауадай қажет.

«Еуразиялық фан-клубы орталықта ем алып жатырған балаларға  қолдау көрсеткен барлық қамқор жандарға алғысын білдіреді. Бұл кішкентай бүлдіршіндер ұзаққа созылған оңалудан өтеді. Оларға шыдамдылық пен ерік-жігер қажет. Үміттері өшпей, сенімдері күшейіп, бар қиындықты жеңіп  барлығымызға қайсарлықтың үлгісін көрсетеді деп сенеді ЕФК өкілдері. Сондай-ақ, бұл акцияны ұйымдастыруға қолдау танытқан  Димаштың анасы Светлана Ермекқызы Айтбаеваға ерекше алғысын білдіреді!», – дейді фан-клуб әкімшілігі.

Сілтеме

«Аяла» балалар оңалту орталығы
https://www.centrayalamail.kz/

Еуразиялық фан-клубы
Cайт: https://dimash-efc.ru
ВКонтакте: https://vk.com/dimashdearseurasianfanclub?_smt=groups_list%3A2
Instagram: https://www.instagram.com/dimash_eurasianfanclub/
Фейcбук: https://www.facebook.com/dimasheurasianfanclub/?modal=admin_todo_tour
Твиттер: https://twitter.com/DimashEurasian?s=09
Одноклассники: https://ok.ru/group/54147309240480
Медиа-Центр: https://www.instagram.com/dk_media_world/