ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаштың индонезиялық жанкүйерлері Джакартада әншінің «Love’s not over yet»...

Димаштың индонезиялық жанкүйерлері Джакартада әншінің «Love’s not over yet» жаңа әнінің құрметіне акция өткізді

Dears Димаштың индонезиялық жанкүйерлері Джакартада әншінің «Love’s not over yet» жаңа әнінің құрметіне...

Димаштың индонезиялық жанкүйерлері Джакартада әншінің «Love’s not over yet» жаңа әнінің құрметіне акция өткізді

2025 жылдың 23 ақпанында Джакартада Димаш Құдайбергеннің Индонезиядағы фан-клубы (DIDFC) Автокөліксіз күн аясында (Car Free Day) «Love’s not over yet» атты арнайы серуен ұйымдастырды.

Автокөліксіз күн — әр жексенбі сайын сағат 06:00-ден 10:00-ге дейін өтетін апта сайынғы іс-шара, оның барысында Джакартаның белгілі бір аудандарында көліктерге жүруге тыйым салынады. Бұл көшелерде таңертең жүгіруге, велосипед тебуге, спортпен айналысып немесе жай серуендеуге болады.

Димаштың индонезиялық жанкүйерлері осы сәтті пайдаланып, өз аудиторияларына сүйікті әртістері туралы кеңірек айтып беруді көздеді. Серуен барысында қатысушылар Димаштың аты жазылған баннерлер ұстап, жолаушы жанкүйерлерге естелік сыйлықтар мен әншінің суреті бейнеленген төсбелгілерді табыс етті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты қазақстандық әншінің шығармашылығымен Индонезиядағы халықты таныстыру болған.

Науқанның атауы Димаштың 2025 жылдың наурыз айында шығуы жоспарланған «Love’s not over yet» атты жаңа әнінен алынған. Ән жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырып, бұл серуен ән шықпас бұрын үлкен қолдауға ие болды.

Жолаушылардың аоасында акцияға қатысушыларға жақындап, Димаш туралы сұрап, өз қызығушылықтарын танытқандар көп болды. Әсіресе студенттер ерекше белсенділік танытты.

«Біздің «Love’s not over yet» науқаны — жәй ән ғана емес, Димаштың жанкүйерлерін байланыстыратын көпір. Алда көптен күткен жаңа әннің премьерасы мен кездесулер күтіп тұр», — деп бөлісті Dears.

LOVE’S NOT OVER YET PRE-SAVE

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына арналған концертте өнер көрсетті

29–30 қазан күндері Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XIII саммиті өтті. Алқалы жиынның басты тақырыбы мен ұраны –...

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena...

Димаш Құдайбергеннің концерттері қарсаңында Мехикода арнайы автобус қатынай бастады

Димаш Құдайбергеннің Мексикада өтетін концерттері қарсаңында әншінің жанкүйерлері Мексика астанасының көшелерінде ерекше жобаны жүзеге асырды. 23 қазаннан бастап Мехикода...

Димаштың Испаниядағы жанкүйерлері концерт қарсаңында қайырымдылыққа 3 000 еуро жинады

30 қазанда Мадридте өтетін Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында өнерпаздың испаниялық жанкүйерлері қайырымдылық бастамасын жүзеге асырды....

Димаш Құдайбергеннің жаңа турындағы авторлық әндері: Дюссельдорфта өткен DIMENSIONS шоуы

Польшада бастау алған Димаш Құдайбергеннің жаңа әлемдік концерттік туры Германияда жалғасты. 24 қазанда Дюссельдорф қаласындағы PSD BANK DOME аренасында...