Тараз қаласының 8 жасар тұрғыны Томирис Мекемтас әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің «Дайдидау» әнін нақышына келтіріп орындады, деп хабарлайды dimashnews.com сайтының тілшісі.
Томиристің Димаш Құдайбергенге бейнесәлемі
«Димаш көке, мен сізбен кездескім келеді», деп бұйымтайын жеткізген Томирис есейгенде әнші болуды армандайтынын да айтады.
Ал Томиристің әкесі Марат Ахметов қызының ертелі-кеш смартфондағы интернент желісінен Димаш Құдайбергеннің шығармаларын тыңдайтынын, кейде қосыла шырқайтынын әңгімеледі.
Томирис Мекемтастың орындауындағы "Дайдидау" әні
«Ән десе бір иығымызды беріп тұратын қазақпыз ғой. Қызымның биік диопозонды Димаштың әндерін қосыла айтып, қиналмай алып шығатынына өзіміз де таңданып қаламыз. Димаш – халықтың біртуар перзенті. Томиристің сәлеміне үн қатып жатса, кішкентай қызымның жүрегі жарылардай қуанары анық еді. Тіпті, қазақтың ырымына сай аузына түкіріп берсе деген әкелік тілегім де бар», деді ол.