D’R’S манганың Стандартты және Premium баспа нұсқаларына алдын ала тапсырыс қабылдана бастады

1090

D’R’S манганың Стандартты және Premium баспа нұсқаларына алдын ала тапсырыс Dimash Manga жобасының ресми DimashManga.com сайтында қабылдана бастады.

Негізгі төлем жүйелері, соның ішінде Visa, Mastercard, PayPal, Union Pay (PayPal арқылы), тағы басқалары арқылы сайтта төлем жасауға болады. Мангаға тапсырыс жасау және төлем рәсімдеу туралы толығырақ таныс болыңыздар.

Manga D’R’S Стандартты баспа нұсқасы жұқа мұқабада (paperback) В6 форматты 140 беттен тұратын кітап.

Manga D’R’S Premium нұсқасы – бұл А5 форматындағы 140 беттен тұратын, қымбат қағазға басылған, мұқабасы көмкеріліп тігілген, эко-былғары мен ағашпен қапталған туынды.

Жапон, қытай, корей және орыс тілдеріндегі баспа нұсқасы Жапонияда қабылданған тәртіп бойынша оңнан солға және жоғарыдан төменге қарай оқылады. Ағылшын, испан және қазақ тілдеріндегі нұсқалары стандартты кітап түрінде жарық көреді.

Біздің манганың цифрлы нұсқасына алдын ала тапсырыс жасауға 7 тамызды қоса есептегенде үш-ақ күн қалды! Баспа нұсқасына алдын ала тапсырыс жасау уақыты ұзартылуы мүмкін – жобаның желідегі парақшаларын оқып жүріңіз.

Ал, 10 тамызда Манганың ағылшын, жапон, орыс және қытай тілдеріндегі дайын электронды нұсқасымен таныстыру жоспарланып отыр. 17 тамызда қазақ, испан және корей тілдерінде таныстырылады.

Баспа және Premium нұсқалары электронды түрі жарық көргеннен екі аптадан кейін шығады. Өйткені, макетін дайындауға, сынақ нұсқасы мен алғашқы тиражын баспаға дайындауға уақыт қажет. Пошта арқылы жеткізу уақыты 3-15 күн аралығын құрайды (пошта қызметі мен халықаралық жеткізудегі жағдайларға байланысты).

Баспа нұсқасына алдын ала тапсырыс жасау және манга жобасына қатысты жұмыстардың аяқталуына байланысты, Dimash Manga жобасы Сіздерге екінші Manga D’R’S видео-трейлерін ұсынады.

Әлеуметтік желілерде Manga D’R’S жобасына қосылып, соңғы жаңалықтардан хабардар болыңыздар:

https://facebook.com/dimash.manga.drs
https://instagram.com/Dimash.Manga
https://twitter.com/DimashManga
https://youtube.com/dimashmanga
https://t.me/dimash_manga
https://tiktok.com/@dimash.manga
https://vk.com/dimash.manga
https://ok.ru/dimash.manga