ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Фольклор мұралары арқылы байланысқан Қазақстан мен Испания мәдениеті

Фольклор мұралары арқылы байланысқан Қазақстан мен Испания мәдениеті

Dears Фольклор мұралары арқылы байланысқан Қазақстан мен Испания мәдениеті

Фольклор мұралары арқылы байланысқан Қазақстан мен Испания мәдениеті

Тамыз айының басында Испанияның Вивейро қаласында (Галисия) Испанияның ең көне және ең беделді фестивальдерінің бірі болып саналатын 44-ші халықаралық Mostra Folklorica Internacional фольклорлық фестивалі өтті. Биыл фестивальде әлемнің түкпір-түкпірінен 250-ден астам ұжым бас қосты. Олардың арасында ең алғаш рет қазақстандық «Наз» мемлекеттік би театры мен «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблі қатысты.

Бұл талантты өнерпаздар домбыра, қобыз сияқты қазақтың дәстүрлі аспаптарында би билеп, күй орындап, төл мәдениет атмосферасын сахнаға алып шықты. Әсіресе «Адай» күйі ерекше орындалды.

Фестиваль бойы қазақстандық өнерпаздар Димаш Құдайбергеннің жергілікті жанкүйерлерінің назарына ілігіп, ерекше қолдауына бөленді. Dears спектакльдер мен Вивейро көшелерінде өткен Ұлттар шеруінде желбіреген Қазақстан туын көргенде қатты қуанғаны туралы бөлісті. Жанкүйерлер арасында жанды қарым-қатынас та көптеп орын алды. Қазақстан мен Испания арасындағы мәдени байланыстар туралы жанкүйерлер өзара әсерлерін алмасып, Димаштың алдағы концертін талқылады. Тіпті жанкүйерлер қазақстандық музыканттар мен бишілермен бірге әйгілі «Дайдидау» әнін орындады.

Сонымен қатар жанкүйерлер бір-біріне өзара сыйлықтар да жасасты. Испаниялық жанкүйерлер қазақстандық әртістерге дәстүрлі галисия домбырасын және журналист әрі Димаштың жанкүйері Йоланда Гарсия жазған Қазақстандағы туризм туралы жарияланған мақаласы бар ұлттық газеттің көшірмелерін сыйға тартты.

Вивейродағы фестиваль өнердің адамдарды соншама біріктіріп, шекараларды жойып, қашықтықты еңсере алатынының тағы бір дәлелі болды.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры Мексика астанасында жалғасты

19 қарашада Димаш Құдайберген мен оның халықаралық командасы DIMENSIONS жаңа концерттік турының Латын Америка кезеңі аясында Мексика астанасында өнер...

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры Мехикода жалғасты

17 қарашада қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Гвадалахарада алғаш рет өткен жеке концерті Auditorio Telmex аренасына лық толы көрермен жинады....

Гвадалахарадағы музыкалық кеш: Димаштың жанкүйерлері Қазақстан мен Мексика дәстүрлерін тоғыстырды

16 қарашада Гвадалахара қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты. Мерекелік кездесуді Dears DQ Jalisco фан-клубы қазақстандық әншінің DIMENSIONS әлемдік...

Мексикадағы Димаш Құдайбергеннің муралы қалай жасалды?

Мексиканың Монтеррей қаласындағы Димаш Құдайберген бейнеленген мурал қала аумағынан тыс жерлерге де кеңінен танылып үлгерді. 14 қарашадағы концерттен кейін...

Лео Кантро: өнер әлемі, Қазақстанға сүйіспеншілік және Димаш музыкасымен танысу туралы

Мексикалық блогер Лео Кантро (Leo Cantro) бірнеше жылдан бері испантілді аудиторияны Димаш Құдайбергеннің шығармашылығымен, қазақтың мәдениеті және дәстүрлерімен таныстырып...