Индонезиялық ангклунгтың дыбыстауындағы «Любовь уставших лебедей»

1179

Нұр-Сұлтанда өткен «Индонезиялық кино түні» іс-шарасында Димаштың «Любовь уставших лебедей» әні ангклунг керемет музыкалық аспабының дыбысталуында шырқалды.

Астана тұрғындары мен қонақтары «Индонезиялық кино түні» іс-шарасында индонезиялық дәстүрлі ангклунг музыкалық аспабының интерпретациясында қазақстандық орындаушының ең танымал әндерінің бірі «Любовь уставших лебедей» туындысын тыңдай алды.

2021 жылғы 26-28 тамыз және 1 қыркүйек аралығында өткен іс-шараны Индонезия Республикасының Қазақстандағы елшілігі «Жетісу» саябағында ұйымдастырды.

Бұрын біз сіздерді осы аспаппен таныстырған болатынбыз.

Анклунг – Индонезиядағы Батыс Ява Бантен провинциясындағы дәстүрлі музыкалық аспап. Оны ЮНЕСКО адамзаттың ауызша және материалдық емес мұрасының шедеврі деп таныды.

Ангклунг бамбуктан жасалған. Ол бір, екі, үш немесе төрт бамбук түтіктерінен тұруы мүмкін. Бұл түтіктер, егер олар ақырын тербелетін болса, олар дыбыс шығарады.

Бұл бірегей аспап индонезиялық музыкалық мәдениеттің мақтанышы болып табылады. Ол бүкіл әлемдегі мәдени іс-шараларда жиі ойналады.

Өткен аптада ангклунг Нұр-Сұлтандағы «Индонезиялық кинос түні» шарасы кезінде шырқалды.

Дәстүрлі шығармалардан басқа ангклунгте Димаш Құдайберген шығармашылығының барлық жанкүйерлерінің ең сүйікті әндерінің бірі – «Любовь уставших лебедей» туындысы орындалды. Нұр-Сұлтандағы Индонезия елшілігінің Индонезия өнері мен мәдениетінің оқытушысы Агунг Сапутра туындыны ұсынды.

Музыкант іс-шарада ойнаған ангклунг – бұл 2008 жылы жасалған Ангклунг Тоел (Angklung Toel) деп аталатын аспаптың ерекше түрі.

Әдетте ангклунг аспабын қолда ұстап ойнайды, ал бүкіл композицияны орындау үшін әр түрлі ноталарды ойнайтын музыканттар ансамблі қажет. Алайда, ангклунг тоел құрылымының арқасында бүкіл компазицияны бір адам ойнай алады.

«Индонезиялық кино түні» – бұл 4 күнге созылған тегін іс-шара. Дәстүрлі музыкалық қойылымдардан басқа, көрермендерге индонезиялық би түрлерін, жекпе-жек өнерін, сонымен қатар қазақ және орыс тіліндегі субтитрлермен Азия елінің танымал фильмдерін ұсынды.