Zeken Moda: «Ханзада» костюмі қалай тігілді?

1604

Димаштың I Am Singer байқауындағы әдемі киімі, америкалық The World’s Best шоуындағы образ –  Zeken Moda брендінің негізін қалаушы Қайролла Абишев қазақстандық әншімен  ынтымақтастығы туралы айтып берді.

Zeken Moda қазақстандық киім брендінің тарихы 2001 жылы басталды. Ол кезде талантты дизайнер Қайролла Абишев өзінің сән студиясын ашуға шешім қабылдады.Алдымен ол өзі жеке жұмыс істеді. Біртіндеп штат ашып, жанына жас дизайнерлер мен шеберлерді шақырды. Қазір Zeken Moda елдегі ең ірі сән үйлерінің бірі.

Zeken Moda стилінің ерекшелігі- ежелгі дәстүрді сақтай отыра, заманауи  үрдістердің үйлесімін жасау. Марка «Қазақстанда жасалған» лейблін абыроймен ұстанып отыр. Үнемі ең жоғары деңгейдегі іс-шаралардың ортасында жүреді.

Мысалы, 2018-2019 жылдары бренд мюзиклдер мен би ұжымдары үшін 20 мыңнан астам костюм тікті.

«Жаңа күш»

Қайролла Абишевтің студиясы танымал қазақстандықтармен тұрақты жұмыс істейді. Zeken Moda – дан киім киген жас орындаушы-Максим, көрнекті мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен және басқалары бар. Ал 2017 жылы сән үйінің дизайнерлері дайындаған ақ-алтын костюмде Димаш Құдайберген қытайлық I Am Singer байқауының жетінші турында көрермендерді тәңті етті.

Оның авторлары Қайролла Абишев пен Ақбота Тоқтасынова және Берік Тұрғанов. Олар бұл костюмді дайындау кезінде үлкен шабыт алғандарын еске алады. Уақыт тығыз, талап жоғары. Соған қарамастан ерекше туынды дайындалды.

Киім үлгісі ұлттық құндылықты сақтай отырып, ерекшеленуі тиіс болатын. Осылайша дизайнерлер маржандай-ақ түсті киім дайындады. Дәстүрге сай оның астарында  «Ақ жол болсын!» деген тілек бар еді.

Олар барқыт пен тері матасын таңдап, өткір бұрыштары жоқ жұмсақ ою дайындады. Қазақтың ұлттық киіміндегі маңызды нақыштың бірі – металл әшекейлер де тағылды.

Костюмдегі ерекше элементтің бірі –шашақбау. Бабаларымыз киіз үйдің ішіне шашақбау іліп, сәндеген. Бұл  жағымсыз энергиядан қорғайды деген наным қалыптасқан. Дәстүрді сақтай отыра алтынтүстес шашақ әнші киімінің иығына ілінді.

Көптеген эскиздер, талқылау  және жан салып жасаған қауырт жұмыс түндерінен кейін шынымен әсерлі образ пайда болды. Димаш бұл киіммен сахнаға шыққаннан соң оны Қытайда «қазақ ханзадасы» деп атады.

«Біздің қолымыздан шыққан Димаштың костюмі туралы адамдардың шынайы пікірлерін көргенде, бізде жаңа күш пайда болды. Біз шетелдік аудиториясына қазақтың құндылығын  ерекше ақ костюммен таныстырғымыз келді. Осы нәтижеге қол жеткіздік деп ойлаймын«, – деді  ZekenModa негізін қалаушы Қайролла Абишев.

Америкалық CBS арнасындағы The World’s Best  телешоуы үшін дизайнерлер Димашқа образ әзірлеген уақытта «Тарихи мұрадан шабыт ала отырып, қалай таң қалдырамыз?» деген сауал келді. Сол кезде бірден жауынгер, өжет, алып күштің символына айналған «Алтын адам» бейнесі ойға оралды.

Zeken Moda халықаралық алаңдарда

2018 жылы Kazakhstan Fashion Week бренд Zeken Moda «Димаш» топтамасын ұсынды. Оны тек өз елімізде ғана емес, шетелдік подиумдарда да жылы қабылдады.  Aspara Fashion Week (Өзбекстан), Tajikistan Fashion Week, New York Fashion Week және Granada Fashion Week (Испания).

2020 жылы брендтің негізін қалаушы Қазақстан дизайн академиясының вице-президенті болып сайланды. Ол өзінің басты міндеттерінің бірі – дәстүрді зерттей отыра  Қазақстанның сән саласын дамыту, дейді.

«Бүгінде жастардың сән индустриясына қызығушылығы басым. Сондықтан біздің мақсатымыз – жастарға дәстүрді сақтай отырып, оқуға және жаңа, заманауи қазақстандық киім желісін дайындауға  мүмкіндік беру. Ұлттық нақышы бар отандық өнімді қалыптастырып , насихаттау«, – деп есептейді Қайролла Абишев.