Dimashnews.com тілшісі. «Енді өзіміз отырып шай ішейік» Бұл сөз тіркесі қазақ отбасыларында жиі айтылады. Бұдан кәдімгі күрең шайдың қазақ ұлтының тұрмыс-тіршілігіне сіңіп кеткенін көреміз.
Әдетте, құрметті қонақтар кеткеннен кейін, мереке, туған күн немесе үйлену тойы сынды отбасылық шаралар аяқталған соң, үй иесінің мерекені дайындауға қатысқан туған-туыстары мен достары қалады. Той-думанның аяғына таман олар шай ішіп, мерекенің ең жақсы сәттерін еске алады, үй иелері барлық шараға бір кісідей атсалысып, көмектескені үшін ағайындарына алғыс айтады.
Шай ішу – бұл көпшіліктің тамақтануы немесе үй иелерінің ағайынға ризашылығын білдіретін отырыс қана емес. Бұл біздің жұртымыздың жөн-жоралғыларының, әлде ырымдарының бір түрі. Оның үстіне, шай ішу кезінде үнемі туыстар бола бермейді және белгілі бір уақыттарда ғана шай ішілмейді. Ең бастысы, ол кезде шынайы қарым-қатынас орнайды, мүдделердің ұқсастығы және шынайы достық көрініс табады.
Бір қызығы, «Енді өзіміз отырып шай ішейік» деген қалған-құтқанды қанағат тұтайық дегенді білдірмейді. Көбіне ол кезде де мол дастархан жайылады, ыстық тамақ ортаға қойылады, демек тағы бір мереке орын алады. Бірақ тек жақын ағайынның арасында ғана.
Қазақ жұртының арасындағы бұл дәстүр әрқайсымыз үшін үлкен маңызға ие. Оның психологиялық әсері жалғыздықты жеңу және өзін туыстарының ортасына қажет сезіну деп түсінген абзалырақ.
Креммен, лимонмен, балмен, тәттілермен, кондитерлік өнімдермен – ыстық және хош иісті шай әр түрлі вариацияда беріледі. Кейбіреулер сүт қатылған шайды ұнатады, ал басқалары классикалық шайды сүйсініп ішеді. Ең бастысы, кейде біз үшін қымбат адамдармен қарапайым шай ішу бізді біршама бақытты сезіндіреді.