ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Латынамерикалық жанкүйерлер Димаштың «Angel Love» әнін қазақ тілінде орындады

Латынамерикалық жанкүйерлер Димаштың «Angel Love» әнін қазақ тілінде орындады

Dears Латынамерикалық жанкүйерлер Димаштың «Angel Love» әнін қазақ тілінде орындады

Латынамерикалық жанкүйерлер Димаштың «Angel Love» әнін қазақ тілінде орындады

Димаш Құдайбергеннің Латын Америкасындағы жанкүйерлері «Latam, Voices of Love» жобасы аясында ерекше бейнебаяндарын ұсынды. Аргентина, Мексика, Перу, Чили, Боливия, Уругвай, Доминикан Республикасы және Коста-Рика елдерінен жиналған Dears өнерпаздың репертуарындағы жүректі тербейтін туындылардың бірі — «Angel Love» әнін қазақ тілінде орындады.

Әннің музыкасын – Ренат Гайсин, ал сөзін белгілі ақын Қалқаман Сарин жазған. Көптеген қатысушылар үшін бұл жоба тек музыкалық тәжірибе ғана емес, сонымен қатар қазақ тілі мен мәдениетіне, әрі Димаштың шығармашылығына деген ерекше құрметтің көрінісі болды.

«Біз бұл ән арқылы тек әуезді әуенді ғана емес, оның жан тебірентер рухын жеткізгіміз келді. Димашқа және оның шығармашылығына деген махаббат – тіл мен мәдениет шекарасынан тыс, бүкіләлемдік құбылыс екенін дәлелдегіміз келді», — деп бөлісті жобаға қатысушылар.

Соңғы жаңалықтар

«DimashAli» шығармашылық орталығы ұстаздарға арналған «Ұстазым» әніне түсірілген бейнеклипті ұсынады

Ұстаздар күні қарсаңында «DimashAli» шығармашылық орталығы Бауыржан Бабажанұлының сөзіне жазылған Қанат Айтбаевтың «Ұстазым» әніне түсірілген жаңа бейнеклипті көпшілік назарына...

Словакиялық және чехиялық Dears Silk Road Fest фестивалінде Димаштың шығармашылығын таныстырды

Словакиялық және чехиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Братиславада өткен түркі мәдениеттерінің Silk Road Fest фестиваліне қатысып, шара қонақтарына өнер иесінің...

Мексика жастары Димаштың шығармашылығымен оның концерттері қарсаңында танысты

Мексиканың Чиуауа қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Dimash, the Voice That Unites the World» атты арнайы іс-шара ұйымдастырды. Шара әншінің...

«Қолсыз өмір»: суретші Қаріпбек Күйіковтің өнердегі жолы, антиядролық қозғалыс және Димашпен кездесуі туралы

Қазақстанда кітап оқуды насихаттауға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. 21 қыркүйекте Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аталған...

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы...