Мажарстанда Димаштың шығармашылығын таныту жолға қойылды

1183

Мажарстандағы ең ірі музыкалық басылым » Zene»-де  Димаш Құдайберген туралы мақала жарық көрді. Авторы – қазақстандық әншінің жанкүйері Габриелла Наги.

Мажарстан музыкалық журналы «Zene» 2009 жылдан бері жарық көре бастады. Қазір оқырманы көп, танымал басылымға айналды. Негізгі мақсаты-мажарлық және әлемдік музыка индустриясындағы басты оқиғалар туралы ақпарат тарату.

Журналдың фейсбуктегі ресми парақшасында 65 мың оқырманы бар. Твиттерде 14 мыңнан асты.

«Zene» – дегі Димашқа арналған алғашқы жарияланымның авторы музыка мұғалімі және музыкалық терапевт Габриэлла Наги. DimashNews сайтының пікіріне қазақ ұлының өнері туралы әлі бірнеше мақала сериясын жариялауды жоспарлағанын жазды.

Автор алғашқы мақаласында Димаш және оның әйгілі «S.O.S» туындысын қамтыған. «S.O.S»  ол көптеген Dear-лар үшін тек Димаштың орындауында естіген алғашқы ән болды.

«Димаш Мажарстанда ешқашан концерт берген емес, біздің елде ол туралы аз біледі. Мен ең танымал музыкалық веб-журналға бірнеше мақала жазуды жоспарлап отырмын, сол арқылы Мажарстан аудиториясының оның жұмысына деген қызығушылығын арттыратын боламын», – деді  Габриелла.