ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш қытайлық CGTN телеарнасының «Идеялар өзгеруде» жобасына қатысты

Димаш қытайлық CGTN телеарнасының «Идеялар өзгеруде» жобасына қатысты

Dimash World Димаш қытайлық CGTN телеарнасының «Идеялар өзгеруде» жобасына қатысты

Димаш қытайлық CGTN телеарнасының «Идеялар өзгеруде» жобасына қатысты

Қытай Халық Республикасы Төрағасының Қазақстан Республикасына сапары қарсаңында «Идеяларды өзгертемін» бағдарламасының кейіпкерлері қазақ-қытай достығын дамытуға зор үлес қосқан тұлғалар болды. Түсірілім Димаштың туған жерінде, Қазақстанда, Алматы қаласында өтті.

Жобаның басты кейіпкері ретінде Димаш Қытайдағы көктем фестиваліндегі алғашқы өнер көрсетуі туралы:

«Ең танымал спектакль ретінде есімде мәңгі қалып кетті. Бұл 2018 жылы достарым Тиа Рэй және Сяо Цзинтенмен бірге өнер көрснту құрметіне ие болдым.

Біз қытай тілінде ән айттық. Мен қатты уайымдағаным есімде. Әрине, сахнаның алдында қобалжу, жауапкершілікті сезіну бұл қалыпты жағдай. Соған қарамастан, ол кеш көңілді және тамаша болып өткен! Дәл осы орындауым маған Қытайдағы фанаттар санын көбейтуге көмектесті.

Ал «I am a Singer» шоуына қатысқаннан кейін мен Қытайда ғана емес, бүкіл әлемде үлкен концерттерде өнер көрсете бастадым” деп, ары қарай ойын төмендегіше жалғастырды.

Қытай халқына және Қытай жұртшылығына 22 жастағы Димашты кезінде әлемге көрсетіп, танытқандары үшін алғысым шексіз. Мойындауым керек, осыдан соң менің мансабым көтерілді,. Жалпы қытайлық көрермендер менің жүрегімде ерекше орын алады. Қытайға қанша барсам да, қанша рет өнер көрсетсем де, олардың маған деген сый-құрметі мен махаббаттары  мені таңқалдырады. Солардың арқасында мен шабыттанып, жұмыс істеп, еңбектенуге екі есе талпына бастаймын».

Димаш Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мырзамен алғашқы кездесуі және Сиань қаласында өткен «Орталық Азия-Қытай» саммитінде сөйлеген сөзі туралы естеліктерімен бөлісті:

«Бір-екі апта бұрын маған қоңырау шалып, концертке шақырғандары есімде. Мен бұл шақыруды қабылдағаныма өте қуаныштымын. Егер менің жұмысым елдер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың нығаюына қандай да бір септігін тигізетін болса, менен асқан бақытты адам бола қоймас.

Мен президенттерге артылған жүктің ауыр екенін, әрине, білемін, түсінемін. Екі елдің достығына орац, мен екі ән жазғаным есімде. Бірінші ән қытайша, екіншісі қазақша жазылды. Менің бұл орындауым Қытай президентіне ерекше  әсер етіп, ұнатып қалыпты.

Бірден байқағаным – ол кісі рухани тұрғыда кемелденген адам. Әнді толыққанды түсінуге тырысып, сезініп, толғанады.  Жалпы өте мәдениетті кісі екені бірден аңғарылады.

Мен Си Цзиньпин мырзамен алғаш рет 2017 жылы «I am a Singer» жобасынан кейін кездескен болатынмын. Менің орындауымнан кейін ол кісі маған келіп, жалпы мен туралы және менің өнерім туралы, Қытайдағы ерекше құрметім туралы өз пікірін айтқаны есімде. Ол маған батасын беріп, менің өнеріме жанкүйер екенін, сондай-ақ, әйелі де менің жұмысымды бақылап жүретінін айтып, ерекше әсерлендірді. Бұл, әрине, мен үшін өте қуанышты және сонымен қатар жауапкершілігі мол жағдай болды.

Сол сәттен бері 7 жылдан астам уақыт өтті. Ал осы уақыт ішінде мен Қытай мәдениеті, Қытай тарихы өте терең және ауқымды екенін түсіндім. Біз бар болғаны көрші елміз. Мәдени тұрғыдан алғанда, осы бағытта біздің саланың барынша көп өкілдері жұмыс істегенін қалаймыз, өйткені бүкіл әлем, мысалы, Джеки Чанның кім екенін біледі.

Қытай мәдениетінің қандай екенін бәрі біледі. Сол себепті, мәдениетімізді, елдігімізді әлемге дәріптейтін қазақстандық жігіттер қытайлық өнерпаздармен бірлесіп жұмыс жасау керек. Әрине, осыған байланысты Қытай мен Қазақстан арасындағы мәдени алмасу одан әрі жандана түсетіні сөзсіз.

Ал, осы орайда Қазақстан мен Қытай  өте жақсы дипломатиялық қарым-қатынастағы елден екеніне де қуаныштымын.

Менің міндетім – бейбітшілікті, сүйіспеншілікті, түсіністік пен достықты қолдау. Мен тек Қытай мен Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар, бүкіл әлемдегі тыңдармандар мен көрермендерге жеткізгім келетіні: халықтар арасында тек бейбітшілік пен келісім орнап, соғыссыз бейбіт өмірді қолдайтыным».

Соңғы жаңалықтар

Будапештте Пласидо Доминго, Хаузер және Димаш Құдайбергеннің алдағы концертіне арналған баспасөз конференциясы өтті

17 желтоқсанда Будапешт қаласында Virtuosos Talent Show және Broadway Events Hungary ұйымдарының бастамасымен үш бірегей өнер иесін, атап айтқанда:...

Димаш Құдайберген Халықаралық мигранттар күніне арналған құттықтауын жолдады

18 желтоқсанда, Халықаралық мигранттар күніне орай, БҰҰ-ның көші-қон жөніндегі агенттігі – Халықаралық көші-қон ұйымының Жаһандық елшісі Димаш Құдайберген әлемдік...

Димаштың Чилидегі жанкүйерлері ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға арналған қайырымдылық акциясына қатысты

Қазақстандық әртіс Димаш Құдайбергеннің Чилидегі Dimash Latin Dears Chile фан-клубы ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастарға көмек көрсетуге бағытталған...

Димаш Құдайбергеннің италиялық жанкүйерлері аутизмі бар балаларды қолдауға қаражат жинады

Италияда Димаш Құдайбергенге арналған мақала жарияланғаннан кейін аутизмі бар балалар мен жастарды қолдауға бағытталған қайырымдылық бастама қолға алынды. «Димаш...

Димаш Құдайберген «Stranger» концерттік турын Латвиядағы ауқымды шоуымен аяқтады

«STRANGER» концерттік бағдарламасы Алматы қаласында бастау алып, 2022–2025 жылдар аралығында әлемнің түкпір-түкпіріндегі мыңдаған жүректерді біріктірді:
Алматы – Ереван – Анталья...