ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Әлем "Өркендеу жолы": жаңа экспозициядағы қазақ минимализмі мен академизмі

«Өркендеу жолы»: жаңа экспозициядағы қазақ минимализмі мен академизмі

Әлем "Өркендеу жолы": жаңа экспозициядағы қазақ минимализмі мен академизмі

«Өркендеу жолы»: жаңа экспозициядағы қазақ минимализмі мен академизмі

«Әлемге жаңа стиль беру үшін Қазақстанда қажеттінің бәрі бар», – Нұр-Сұлтанда суретшілердің үш буынын таныстыратын тұжырымдамалық көрме ашылды.

27 сәуірде SAL-SERI астаналық галереясында «Өркендеу жолы» көрмесінің вернисажы өтті. Көрме авторлары Нұрай Медеуова, Арыстан Смағұлов және Армат Бектас бұл көрмені Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, экспозиция кеңістікке, түске және қазақ мәдениетінің киелі мағыналарына деген үш түрлі көзқарасты бейнелейді.

Көрме Арыстан Смағұловтың шынайы стильде салған суретімен ашылады. Оның пейзаждық және жанрлық жұмыстары тұрмыс қуанышына, қазақ жерінің ауасына, түс пен қозғалыс қуатына толы.

Арыстан Смағұлов – ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, жиырма жылға жуық қалалық, республикалық және халықаралық көрмелерге қатысып келеді, Қазақ ұлттық өнер университетінде станоктық кескіндемеден сабақ береді.

– Жаңа көрме туралы ой жүгірте отырып, – дейді суретші,- Нұрай екеуміз қазақ рухымен бір нәрсе жасағымыз келеді деген қорытындыға келдік, өйткені біздің ұлттық өнерімізді бізден басқа ешкім дамытпайды.

Арыстан Смағұловтың айтуынша, экспозиция қисыны осылай ойластырылған. Оның шынайы еңбектері қазақ мәдениетін, жерін, пейзажын көрсетеді. Нұрай Медеуова қазіргі заманғы тарихты – қазақ халқының азабын, жойылып кету қасіретін, соғысты бейнелейді. Ал Армат Бектас өз сызықтарымен – болашақты суреттейді.

SAL-SERI галереясының директоры Нұрай Медеуова мектеп жылдары Арыстан Смағұловпен бірге сурет салуға қызығушылық танытты. Алайда, мұғалімінен айырмашылығы, оның кескіндеме жұмыстары абстрактілі экспрессионизмге ұмтылады және жас суретшінің өз жұмысында қазақ мәдениетінің рухын сезінуге, өз халқының тарихын заманауи бейнелі тілде түсінуге деген ұмтылысын көрсетеді.

Нұрайдың айтуынша, «Өркендеу жолы» көрмесін дайындау үш аптадан астам уақытты алды. Ал оның идеясы жас суретшінің әйгілі автор Армат Бектаспен танысқаннан кейін пайда болды.

– Ол ұзақ уақыт бойы жұмыс істеген сызықтық стиль туралы өзінің тұжырымдамасын айтты. Ол «Өркендеу жолы» атауының негізін қалады. Сызықтық стиль ең алдымен тартымды, өйткені бұл минимализм және сіз ол арқылы барлығын білдіре аласыз, – деді Нурай.

Дәл осы вернисажда Нұрай Медеуова Нұр-Сұлтанның жас суретшілер одағына қабылданды. Бойжеткенді қала Суретшілер одағының басқарма төрағасы Өмірәлі Исмаилов марапаттады.

Көрменің тағы бір қатысушысы Армат Бектастың шығармашылығы тек Отанымызда ғана белгілі емес. Оның жұмыстары Қазақстан, АҚШ, Нидерланды, Франция, Италия, Ресей музейлері мен жеке коллекцияларында сақтаулы. Шебер дала мәдениетінің философиясын дәл жеткізу үшін өзінің авторлық тілін ұзақ уақыт іздеді. Оның айтуынша, ол сызықтар тұжырымдамасын 1996-1997 жылдары дамыта бастаған.

– Қазақ халқының әрбір шаңырағындағы қабырғаларда жылқылар мен киіз үйлер бейнеленген картиналар ілулі, ал бізге жаңа ұлттық стиль қажет. Сызық – төзімділік, оның көптеген формалары бар. Сызықтардан әр халық өзін көре алады. Сондай-ақ, мен симметрияға табынуды қайта жасағым келеді, өйткені егер үйде симметриялы суреттер ілінсе, адам тыңғылықты, сабырлы болады.

Армат өзінің сызықтар тұжырымдамасы туралы әлемнің әртүрлі елдерінде айтты, халықаралық саммиттерге қатысты, онда оның идеясын экологтар қолдады.

– Сондықтан, менің ойымша, бізде, әлемге жаңа стиль беру үшін Қазақстанда қажеттінің бәрі бар. Жүзеге асып-аспауын уақыт көрсетеді. Бірақ «SAL-SERI» галереясы менің идеямды түсініп, қабылдағанына қуаныштымын, – деп бөлісті Армат Бектас.

Вернисаж қонақтарының қатарында DimashAli шығармашылық орталығының жетекшісі Қанат Айтбаевта болды. Ол «Өркендеу жолының» қатысушылары мен ұйымдастырушыларына жылы лебізін білдірді.

– Біз басқа қонақтармен осы әдемі көрме бойымыздағы қанды қоздырып және бізге керемет әсер берді деп талқыладық. Суреттерде философиялық идеялар байқалады. Осындай әдемі кешті шын мәнінде ұзақ әсер қалдыратын өнер мерекесі деп атауға болады, – деді Қанат Айтбаев.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Өркендеу жолы» көрмесін тек Қазақстан астанасының көрермендері ғана емес, оны алыс және жақын шет елдерде де көрсету жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Венгрия премьер-министрінің резиденциясында өнер көрсетті

20 қарашада Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбанның кеңсесі орналасқан ғимаратта Қазақстан Президентінің мемлекеттік сапары құрметіне салтанатты қабылдау өтті. Шараға ел делегациясы...

Итальяндық радиостанция апта сайын Димаш Құдайбергенге хабар арнайды

Брешиа қаласының тарихи радиостанциясы болып табылатын Radio Bresciasette Италияда Димаш Құдайбергеннің апта сайын музыкасын тарататын алғашқы радио. Сенбі және...

Канадалық La Press газетінде Димаштың суреті берілген баннер жарық көрді

Димаш Құдайбергеннің канадалық жанкүйерлері Канададағы айына 4 миллионға жуық оқырманды қамтыған әйгілі La Presse газетіне жарнама ұсынды. 2024 жылдың...

Әбілмансұр Құдайберген Астанада өткен концерт-спектакльде өнер көрсетті

9 қарашада Астанадағы Mega Silk Way кешеніндегі «LA’Театрда» белгілі әртістердің қатысуымен концерт-спектакль өтті. Елордадағы «Sen men Sàt» музыкалық театрының шығармашылық...

Димаш Құдайберген Елисей сарайында өнер көрсетті

4-5 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Франция Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Париж іс-сапары Қазақстан делегациясының құрамында дипломатиялық,...