ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Қазақстандық мәдени өрлеу: Димаш New Vision бизнес-форумында сөз сөйледі

Қазақстандық мәдени өрлеу: Димаш New Vision бизнес-форумында сөз сөйледі

Dimash World Қазақстандық мәдени өрлеу: Димаш New Vision бизнес-форумында сөз сөйледі

Қазақстандық мәдени өрлеу: Димаш New Vision бизнес-форумында сөз сөйледі

27-29 мая аралығында Алматыда Nobel Fest және Young Presidents Organization Kazakhstan (YPO) қолдауымен Бизнестің күші атты ауқымды New Vision бизнес-форумы өтті.

Димаш Құдайберген Қазақстан мәдени өрлеуіне арналған панельдік сессия аясында форумның қорытынды бөліміне қатысты.

Форумға қатысушыларды құттықтай отырып, Димаш:

«Мен бүгін New Vision форумында өздеріңізбен қауышқаныма мың мәрте қуаныштымын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Қонақжайлылығымызды танытып, әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтарымызға: Ханымдар мен мырзалар, Қазақстанға қош келдіңіздер»,– демекпін.

Қазіргі әлемдегі әнші мен әртістің рөлі қандай деген сұраққа Димаш төмендегідей жауап берді:

«Қазіргі қоғамда мәдениеттің, поэзияның, өнердің рөлі өте маңызды, әсіресе біздің қазақ халқының тарихы терең, мәдени құндылықтарға бай екенін білеміз. Қазақтар өте дарынды, дара халық.

Абай атамыз: «Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан», дейді. Бұл өлең жолдары – мен есіме әрдайым сахнаға шыққан сайын өз елімде болсын, басқа елдерде болсын, тыңдармандарымның алдындағы жауапкершілігімді тағы да айқындай түседі».

«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де – бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан!»

«Туған жерге деген сүйіспеншілік сіз үшін нені білдіреді? Бұл сіздің шығармашылығыңызда қалай көрініс табады?», деп Димашқа сұрақ қойды.

«Рұқсат етсеңіз, мен бұл сұраққа кішігірім философиялық көзқарасқа сүйене отырып жауап берсем. Әйгілі американдық және ағылшын жазушысы, публицист, философ Томас Пейн: «Жер – менің Отаным, барлық адамдар – менің бауырларым», – деген екен. Сондықтан мен өз халқымды, Отанымды сүйе тұра, адамзатты ұлтқа, дінге, тілге, нәсілге бөлмейтінімді атап айтқым келеді.

Қазақ халқы – дана халық. Әрбір адам айналасындағы адамдарға жылы шырай қарым-қатынас жасап,  мейірімді болса ол сол адамның даналығы деп білемін. Біздің ата-бабаларымыз еліміздің тәуелсіздігін қорғап, ұрпақтарына мәдени мұра, кең жерімізді және сан алуан байлық пен үлкен мұра қалдырды. Сол мұраны кірлетпей, татулығымызды көрсетіп, лайықты мұрагері екенімізді дәлелдеуіміз керек.

Әлемге тек бейбітшілік қана керек. Мен әлемнің көптеген елдерінде болдым. Менің концерттеріме келетін көрермендер, менің қолдаушыларым негізі саясат пен саяси үгіт-насихатқа еш қатысы жоқ адамдар. Сондықтан мен қазақ болатұғым, олар француз болсын, американдық, қытайлық, серб болсын, орыс болсын – бәріміз бауырмыз. Ең бастысы, адамдар арасында рухани құндылықтар мен дұрыс ақпарат алмасу жүру керек. Біздің санамыз осы деңгейде болса, нұр үстіне нұр болар еді».

Әңгіме барысында Димаштың бала арманы туралы тақырып қозғалды. Димаш тек музыка оның әрқашан негізгі, маңызды, жалғыз арманы болғаны туралы:

«Менің басқа арманым жоқ, болмады да. Бес жастан 30 жасқа дейін мен өмірімді музыкаға арнадым, осы алаңда білім алдым, шыңдалдым. Биыл міне мен докторлық дәрежемді қорғаймын. Әрине, осы жасқа дейін өзімнің түсінген, түйгенім бар, жинаған тәжірибелерім де бар. Мен әрқашан үлкен музыкант болуды армандайтынмын. Ал, танымал тәжірибелі музыкант болғысы келетін жастарға айтқым келетіні: Мен жетпеген жетістіктер мен қамалдарға жететін ұл-қыздарымыз көп болсын. Менің жетістігім – оларға тек үлгі болсын».

Әншінің өмір жолының иллюстрациясы ретінде форумда Димаштың өзі музыкасын, сөзін жазған «Өмір» атты композициясына музыкалық бейнебаян көрсетілді.

Димаш продюсерлік және режиссерлік жұмыс туралы айта отырып, әр түрлі сахналарда өнер көрсетіп, әр түрлі байқауларға қатыса отырып, ол әрдайым орындайтын әндерін өзі таңдайтынын және өзі орындайтын шығармаларына продюсерлік ететін де өзі екенін атап өтті:

«Маған қандай композитор ән ұсынса да, мен әрқашан өз аранжировкамды қолданып, содан кейін ғана сол әнді орындаймын. «I am a Singer» жобасында да мен әндерімді өзім продюсерлік еттім. Талантты оралдық Ерлан Бекчурин ағамыз да менің ұсыныстарыма сүйене отырып жасаған болатын.

Қытайлық, ресейлік, еуропалық композиторлар, соның ішінде Игорь Крутой ағамыз да бар. Мен олардың әндерін орындаған кезде,  әрқашан өзімнің талаптарыма сәйкес жасап отырдым. Тиісінше, мен әрдайым өзімнің талаптарыма сәйкес жазылған әнді ғана орындаймын.

Сондай-ақ, клип түсірген кезде де осы талапты ұстандым. Әрине, кәсіби мамандардың кәсіби білікті көзқарастары мен пікірін ескеріп отырдым».

Димаш өзінің ең үлкен «Бір аспан тағдыры» («The Story Of One Sky») музыкалық туындысын таныстыра отырып, оны үш жыл бойы жазғанын және басқа біреудің еншісіне беріп қойып, немқұрайлы қарамай, сценарийін де өзі жазып бастан аяқ атсалысқанын айтып, Алина Верипяның режиссерлігімен клипті дайындағаны туралы ескеріп өтті.

«Менің ойымша, бір халық пен екінші халық ешқашан өздігінен араздасып, соғысты өздері бастамайды. Араздастыратын да, соғысты бастайтын да, кімдер екенін өздеріңіз біліп отырсыздар… Әлемде бейбітшілік, тыныштық болуы керек. Халықтардың тілі, діні, нәсілі, ойы, руханияты әр түрлі болсын, олардың құндылықтары ортақ. Сол себепті бір арнаға тоғыса білуі өте маңызды. Келешек ұрпағымыз үшін, ертеңіміз үшін, жарқын болашағымыз үшін сіздердің алдарыңызда, бүкіл әлем алдында осы мүмкіндікті пайдалана отырып, бүкіл әлемді бейбітшілікке шақырғым келеді», – деп Димаш музыкалық фильм көрсетілмес бұрын өз ойын түйіндеді.

Қазақстан мәдениетінің қазіргі заманғы үрдістерін аша отырып, Димаш Республика сарайының сахнасында өзінің репертуарынан бірнеше танымал композицияларды орындап, дәстүрлі шығармашылық элементтерін заманауи продюсерлік шешімдермен сәйкестендіріп біріктіру мүмкіндігін көрсетті.

Композитор Игорь Крутойдың авторлық әуені мен Олжас Құрбанбектің қолындағы қазақтың көне бас аспабы қобыздың үні мен бір-бірімен үйлескен «Stranger» туындысы көрерменге шығармашылық шешімдердің шексіз мүмкіндіктерін көрсетті.

Димаш домбырашылар Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыздың орындауында Құрманғазының «Адай» күйімен бірге рок бағытында стильдендірілген әйгілі «Дурдараз» халық әнін ұсынды.

Сондай-ақ, Димаш аранжировкасында домбыра қолданылған «Smoke» атты жаңа авторлық әнін де орындады.

Димаш әр түрлі бағыттағы әндер орындап, көрермендермен бірге ән шырқап, соңында «Weekend» әнін орындап, жалпы қойылым шағын концертке ұласты.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің жеке концерті Прагада өтті

22 қарашада Прагада Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтті. Қазақстандық өнерпаз Чехия астанасында екінші рет шоу жасады. Алғашқы рет «Арнау»...

Димаш Прагадағы жеке концертінің алдында жанкүйерлерімен кездесті

Қарашаның 21-і күні Димаш Құдайберген Прагада «Stranger» гастролі аясындағы жеке концертінің алдында әншінің шоуының медиа серіктесі болып табылатын ÓČKO...

Димаш Құдайберген Венгрия премьер-министрінің резиденциясында өнер көрсетті

20 қарашада Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбанның кеңсесі орналасқан ғимаратта Қазақстан Президентінің мемлекеттік сапары құрметіне салтанатты қабылдау өтті. Шараға ел делегациясы...

Итальяндық радиостанция апта сайын Димаш Құдайбергенге хабар арнайды

Брешиа қаласының тарихи радиостанциясы болып табылатын Radio Bresciasette Италияда Димаш Құдайбергеннің апта сайын музыкасын тарататын алғашқы радио. Сенбі және...

Канадалық La Press газетінде Димаштың суреті берілген баннер жарық көрді

Димаш Құдайбергеннің канадалық жанкүйерлері Канададағы айына 4 миллионға жуық оқырманды қамтыған әйгілі La Presse газетіне жарнама ұсынды. 2024 жылдың...