Токио джаз фестивалі коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдырылды

1145

Жапонияның «TOKYO JAZZ+plus» танымал фествалі коронавирус пандемиясына байланысты өтпейтін болды. Фестивальге америкалық музыкант, 14 Grammy сыйлығының иегері Джеффри Хэнкок және заманауи америкалық джаз тенор-саксофоншы Джошуа Редман секілді танымал әлемдік артистер мен джаз аңыздары шақырылған болатын. Сонымен бірге, осы фестивальда Димаш Құдайберген өнер көрсетуі керек еді.

Шараның өткізілмейтіні туралы фестиваль ұйымдатырушылары өздерінің ресми сайтында хабарлады.

«2020 жылдың 22-24 мамырына жоспарланған «TOKYO JAZZ + plus» фестивалінің коронавирус індетінің таралуын болдырмау мақсатында өткізілмейтінін үлкен өкінішпен хабарлаймыз.

Фестивальді тағатсыздана күткен барша халықтан шын жүректен кешірім сұраймыз. Фестиваль көрермені мен артистердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осылай жасауға мәжбүр болып отырмыз. Елге кіруге шектеу қойылғандықтан да артистердің Жапонияға келуі қиыншылық тудырып отыр.

Фестиваль аясында Йойоги саябағында Кеяки көшесінде ашық аспан астында өтетін барлық шара да кейінге қалдырылды.

Фестивальді келесі жылы өткізуді жоспарлап отырмыз. Сондықтан кездесуді асыған тосқан барша жұртты келесі «TOKYO JAZZ+plus» фестивалінде тағатсыздана күтеміз», – деп жазған фестиваль ұйымдастырушылары өздерінің ресми сайтында.