Димаш – түрлі елдерге қайырымдылық жасау мақсатында медициналық жабдықтар жеткізетін Project C.U.R.E. коммерциялық емес ұйымның бірінші амбассадоры атанды, деп хабарлайды DimashNews.
Бұған дейін біз «DimashAli» шығармашылық орталығы Димаш Құдайбергеннің «DIMASH DIGITAL SHOW» тұңғыш онлайн концерті 2021 жылдың 16 қаңтарында өтеді деп хабарлады, деп жазған болатынбыз. Концерттен түскен қаражаттың бір бөлігі Project C.U.R.E.-ге қайырымдылық шарасына беріледі.
Билеттер dimash.tixr.com. арқылы сатылымға шығарылды.
Project C. U. R. E. – әлемнің 135-тен астам елін қамтиды. Қайырымдылық мақсатында медициналық жабдықтар мен көмектің әлемдегі ең ірі дистрибьюторы. Жыл сайын Project C. U. R. E. жұмысына бүкіл әлем бойынша 30 000-нан астам ерікті қатысады.
Project C.U.R.E 1987 жылы құрылған. Benevolent Healthcare Foundation қорының сауда белгісі. Project C.U.R.E әлемдегі ең ірі коммерциялық емес ұйымдардың бірі. Мақсаты – дамушы елдерге қайырымдылық үшін заманауи медициналық жабдықтар мен қызметтердің жетіспеушілігін шешуге көмектесу.
Project C.U.R.E Колорадо, Теннесси, Техас, Аризона, Иллинойс және Пенсильваниядағы тарату орталықтарын басқарады. Барлық елдегі еріктілердің адалдығының арқасында аптасына 3-5 жүк контейнерлері C.U.R.E Project қоймаларынан жөнелтіледі.
Соңғы 5 жыл ішінде Project C.U.R.E әлемнің 100-ден астам еліне медициналық керек-жарақтары мен жабдықтары бар 689 қырық футтық контейнерлік жүк жеткізді. Қаржылай мөлшері – 232 711 518 АҚШ доллары болады.
«Димашқа керемет музыкасы мен мейірімді жүрегі үшін алғыс айтқым келеді. Біз бірге әлемді жақсы жаққа өзгертуге ықпал ететін ерекше әрекет жасауды асыға күтеміз«,- деді C.U.R.E жобасының бас директоры доктор Дуглас Джексон.
Project C.U.R.E үкіметтік және коммерциялық емес ұйымдармен байланыс жөніндегі директор Мелисса Эспости да қазақстандық орындаушымен ынтымақтастықтың басталуына өз ойын білдірді:
«Бүгін мен Димаш Құдайбергеннің біздің жаңа амбассадор болғанын хабарлағаныма қуанып отырмын. Біз онымен бүкіл әлем бойынша, әсіресе Орталық Азия елдерінде донорлық медициналық көмек жеткізуде ынтымақтаса алатынымызға қуаныштымыз. Бізді қолдап, өзінің керемет дауысымен адамдарға қиын уақытта үміт сыйлағаны үшін үлкен алғыс».
Ақпаратты қолдану үшін dimashnews.com сайтына сілтеме жасалуы тиіс.