Димаш Құдайбергеннің ресми YouTube-арнасында «Я скучаю по тебе» композициясының бейнеклипі таныстырылды. Режиссер Евгений Курицын DimashNews редакциясына клип жөнінде ой бөлісті.
Димаш желтоқсан айының басында НТВ телеарнасындағы «Орталық теледидар» бағдарламасында «Я скучаю по тебе» әнін ұсынды. Композиция кейіпкердің жалғыздық сезімі туралы. Бұл үздік тандем Игорь Крутой мен Игорь Николаев жұмысының нәтижесі.
Бұл әнге бейнебаян түсіруді ресейлік режиссер Евгений Курицынге тапсырылды.
DimashNews-ке берген сұхбатында клипмейкер «Я скучаю по тебе» дегенді естігенде, эмоция мен сезімді шынайы көрсетудің маңыздылығын бірден түсінді. Бұл атқарылар істің басты міндеттерінің бірі еді.
Алғашқыда клипті ашық кеңістікте түсіру жоспарланған еді. Алайда, желтоқсанның ызғары жақындаған сайын, бұл идеяның дұрыстығына күмән туды. Күннің райын қадағалап отырған Евгений әнде нағыз атмосфераны көрсету қиын болатынын түсінді. Сондықтан виртуалды өндіріс режимінде яғни хромакейде (жасыл экранда) түсіру туралы шешім қабылданды.
Сонымен, клипте мүлгіген қала, теңіз жағалауы, көпір және басты кейіпкердің үйі бар. Шөлді кеңістік кейіпкердің сүйіктісіне сағынышын әдемі жеткізуі керек. Кейіпкердің өзі клипте жоқ яғни көрінбейді. Тек үйдің әр бұрышындағы суреттерден ғана байқауға болады. Бұл екеудің арақашықтығын, ажырасуды еске салады.
Евгенийге клип түсіру кезінде Димаштың әнді қалай орындайтынын, оның эмоциясын дөп ұстау маңызды болды. Ән кейіпкерінің жан дүниесіне ене отырып, режиссер ең болмашы бөлшектерді де ескеруді ұмытпады. Жағалау қандай болуы керек? Көпір неге дәл осындай болуы шарт? Көше бойы… Барлық визуалды шешім басты кейіпкердің көңіл-күйіне де, бүкіл музыкалық композицияға да сәйкес келуі керек еді.
Түсірілім процесі туралы Евгений Курицын жұмыстың өте оңай және үйлесімділікпен аяқталғаны туралы айтты. Димаш клиптің тұжырымдамасымен танысып алып, екі-үш дубль ғана жасады. Түсірілім тобы қойылымға бірден кірісіп кетті.
«Димаш өзіне талап қоя біледі және оны орындайды. Ол әр дубльді мұқият қарап, кейбір эмоциялар дұрыс болмаған жағдайда түзетіп отырды. Менің ойымша, ол клипке қажетті атмосфераны өте жақсы жеткізе білді», – деп бөлісті режиссер.
DimashNews анықтамасы
Танымал ресейлік режиссер, композитор және клипмейкер Евгений Курицын Global Media Line креативті компаниясының негізін қалаушы және бас директоры.
Курицынның кәсіби портфолиосында Игорь Крутой, Максим Фадеев, Григорий Лепс, «Руки Вверх», «A ‘ Studio» топтары, Алексей Чумаков, Глюк’ozа, Филипп Киркоров және басқа да танымал орындаушылармен бірлескен жұмысы бар.
Ақпаратты қолдану үшін dimashnews.com сайтына сілтеме жасалуы тиіс.