17 желтоқсанда танымал FM Kiryu жапон станциясында Димаш Құдайбергеннің әндері шырқалды. Қазақстандық әншінің туындылары күншығыс елінің радиоэфирінде үшінші рет шықты, деп хабарлайды DimashNews.
Бұған дейін 2020 жылдың 1 қазанында әйгілі жапондық FM Kiryu радиосының More Music бағдарламасында Димаштың қазақ тіліндегі әні алғаш рет шырқалғанын хабарлаған едік. Жапониялық Dear-лар радио эфирден Димаштың ана тіліндегі әнін тыңдағысы келді. Осылайша «Akkuym» ( Аққуым) әні таңдалды. Сол кезде бағдарламаға Димаштың басқа да композициялары енді: «Across Endless Dimensions», «Restart My Love» және «War and Peace».
Ал Димаштың әні алғаш рет жапон эфирінде 2020 жылдың маусым айында шыққан. Бұл ағылшын тіліндегі «Screaming» трекі болды.
More Music жүргізушілері қазақстандық орындаушының вокалдық қабілетіне қайран қалды. Бұл шығарылымнан соң жапондық Dear-ларда Димаштың әні өз елінің радиосынан тағы да шырқалады деген үміттері күшейді
Ойлағандай, 13 желтоқсанда өзінің Twitter-дегі ресми аккаунтында FM Kiryu Димаштың «Любовь уставших лебедей», «If I Never Breathe Again» және «Дайдидау»атты үш әні енген бағдарламаның жаңа эфирін жариялады.
«Бағдарлама жүргізушілерін барлық әндер ішінен қызықтырғаны «Дайдидау болды». Біз, жапондық фан-клубтан келген Dear-лар бұл әннің тарихы және оның қазақ халқы үшін қандай маңызы бар екендігі туралы білгенімізбен бөлістік. Жапонияда «Дайдидаудың» шырқалуы Қазақстанның Тәуелсіздік күні мерекесімен тұспа-тұс келгеннің өзі маңызды деп есептейміз «, – дейді DJFC (Dimash Japan Fan Club) қатысушылары.
More Music-тің жүргізушілерінің бірі Като Казуджи радиода шоу жасаушылардың қазақстандық вокалистің репертуарына қызығушылығын былай түсіндірді:
«Біздің бағдарлама өз көрсетілімін 2013 жылы бастады. Осы уақыт ішінде біз әлемнің түкпір-түкпірінен келген орындаушылардың әндерін эфирге шығардық. Алғаш рет тыңдарманға қазақ тілінде композиция ұсынып отырмыз. Димаштың шығармашылығымен танысқаныма өте қуаныштымын. Ән арқылы барлық эмоцияны толық жеткізе алатын әншіні кездестіру сирек».