Жеңіске жетелейтін музыка

1214

Мәнерлеп сырғанаушы  Евгения Тарасова мен Владимир Морозов Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Adajio» әніне жаңа бағдарлама  ұсынды. Бұл қойылыммен олар Ресей Кубогының төртінші кезеңінде екінші орынды иеленді.

Бұл фигуристер қазақстандық әншінің әуенімен бірінші рет мұз айдынына шығып тұрған жоқ.  Өткен жылы мәнерлеп сырғанаудан Ресей чемпионатында Евгения Тарасова мен Владимир Морозов Димаштың орындауындағы «S. O. S» қойылымымен көрермендерді таң қалдырды. Кейін олар бұл бағдарламаны бірнеше рет ұсынды.

Бұл Илья Авербухқа мұз айдынындағы қойылым жасауға шабыт берген ерекше композиция.  Олимпиада ойындарының жүлдегері бұған дейін Dimashnews-ке берген сұхбатында ресейлік Игорь Крутойдың әндерін орындаған Димаштың дауысы мұз үстіндегі шығармаға сұранып тұрады, -деген болатын.

«Бұл әнді тыңдай отырып, көз алдыңа осы әннің желісі бойынша қойылатын би икемдері келеді. Біз Игорь Крутойдың мерейтойлық кешінде өнер көрсеткенде, барлығы ерекше тебіреністе болды.  Ал, бұл туындыға шығарылған қойылымды орындап жүріп жан тебірентер толғаныста болдым. Өзіме мықты энергия алдым. Мұнымен тоқтамай, болашақта Димаштың музыкасына тағы да бір номер қоямыз деп сенемін».

Міне, Димаштың орындауындағы тағы бір керемет «Agajio» әніне арналған жаңа қойылым жарық көрді.

Владимир Морозов қазақстандық әншінің дауысы серіктесі екеуіне шабыт бере түскенін айтты. Мәнерлеп сырғанаушылар Ресей Кубогының төртінші кезеңінде 227,13 ұпай жинап,  екінші орын алды. Владимир Морозовтың коронавирусқа шалдығуына байланысты маусымашардың басталуын жіберіп алғанын ескерсек, бұл өте жақсы нәтиже.

«Ерекше, тың дүниені қаладық. Мұндай шығармамен ешкім мұз айдынына шықпады, – деді журналистерге мәнерлеп сырғанаушы. – Бізге музыканың ұнағаны сонша әуен бізді алға тартып отырды, Димаштың  әуезді үнмен бірге қалықтай түскендей болдық. Сырғанап жүріп ерекше сезімде болдық.  Менің сырқатымнан кейін осы төрт апталық дайындықты өте жақсы өткізгенімізге қуаныштымыз. Екі қате болды. Ол түсінікті, өйткені соңына бізде энергия таусылып қалды.

Спортшылардың ұзақ үзілісінен кейінгі кейбір кемшіліктер байқалғанмен, сәтті басталып, сәттілікке жеткізді. Музыка, тәнті боларлық вокал және оны сезіне орындауда Тарасова мен Морозов шеберліктеріне күмән келтірмеді.